Астанада баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік мамандарды анықтайтын «Үркер – 2025» ұлттық сыйлығының марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Биыл байқауға 400-ден астам өтініш келіп түсті. Соның ішінде 44 үміткер шорт-листке енді. Жеңімпаздар 11 номинация бойынша анықталды, олардың қатарында «Жылдың үздік сұхбаты», «Үздік репортаж», «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал», «Жылдың үздік журналистік зерттеуі», «Үздік жаңалықтар порталы», «Жылдың үздік YouTube-арнасы» сынды аталымдар бар.
Жеңімпаздарға естелік мүсіншелер мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
Биылғы «Үркер – 2025» жеңімпаздарының тізімі:
Жылдың үздік сұхбаты: Бауыржан Карипов – Qaz365.kz
Жылдың үздік репортажы: Иван Сухоруков – Tengrinews.kz
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал: Тамара Вааль – Vlast.kz
Жылдың үздік журналистік зерттеуі: Майра Ерғали – «Атырау» газеті
Жылдың үздік аналитикалық материалы: Илья Пащенко – «Казахстанская правда» газеті
Радиодағы үздік жоба: «Нысана» – «Шалқар» радиосы
Жылдың үздік фотосуреті: Игорь Бургандинов – «Казахстанская правда» газеті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы: Adyrna.kz
Үздік өңірлік БАҚ: «Астана ақшамы» газеті
Жылдың үздік подкасты: Qstar Group
Жылдың үздік YouTube-арнасы: Эксперты KZ
Сонымен қатар арнайы марапаттар табысталды:
«Казахстанская правда» – 105 жылдығына орай,
Kazinform – 105 жылдық мерейтойына байланысты,
Zakon.kz – «Жұмысшы мамандықтары жылы» аталымында марапатталды.
Айта кетейік, 2017 жылдан бері «Үркер» сыйлығына 4200-ден астам жұмыс ұсынылған. 133 журналист ұлттық марапатқа лайық деп танылған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






