бейсенбі, 6 қараша, 2025 18:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қайрат" "Интерге" есе жіберіп алды

"Қайрат" "Интерге" есе жіберіп алды
Фото: Қайрат ФК
Алматылықтар алғашқы болып бұл көрсеткішті бұзып, турнирдің басты фавориттерінің бірімен тең дәрежеде ойнады.

Миланның әйгілі «Джузеппе Меацца» стадионында өткен УЕФА Чемпиондар лигасының 4-туры аясындағы матчта «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» 1:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Бірінші тайм соңында миландықтар есеп ашты. Лаутаро Мартинес 45-минутта мергендік танытты. Екінші таймда қазақстандық команда ойынға қайта оралды: 55-минутта Офри Арад бұрыштан берілген допты қақпаға дәл бағыттап, есепті теңестірді.

Алайда көп ұзамай Интердің жартылай қорғаушысы Карлос Аугусто 67-минутта шешуші гол соғып, өз командасына жеңіс әкелді.

Айта кетейік, бұл кездесуге дейін италиялық клуб Чемпиондар лигасында бірде-бір гол жібермеген болатын. Алматылықтар алғашқы болып бұл көрсеткішті бұзып, турнирдің басты фавориттерінің бірімен тең дәрежеде ойнады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар