сәрсенбі, 5 қараша, 2025 14:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астананы қар басып қалды

Астананы қар басып қалды
www.istockphoto.com
Жүздеген техника жұмылдырылды.

Астанада күн суытып, алғашқы қар түсті. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қар күреу жұмысына жүздеген арнайы техника мен жол жұмысшылары жұмылдырылды,  – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 4 қарашада қала аумағынан мың текше метрден астам, яғни 86 жүк көлігі қар шығарылған.

"5 қарашаға қараған түні қар күреу жұмысына 374 арнайы техника мен 234 жол жұмысшысы қатысқан. Ең алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік жүретін бағыттар тазаланады. Кейін тазалау жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жүргізіледі", – делінген әкімдік хабарламасында.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарында барынша абай болуға, сондай-ақ ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға шақырады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар