сейсенбі, 4 қараша, 2025 16:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды ескерту жасады

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
Фото: istockphoto
Жолда жылдамдық пен арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертті.

Ішкі істер министрлігі ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер мен жолаушыларға маңызды үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ведомство өкілдері көлікті қыс мезгіліне дайындап, жолда жылдамдық пен арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертті.

– Құрметті азаматтар! Алдағы күндері ел аумағында ауа райының нашарлауы күтіледі: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді.

Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырады:

дөңгелектерді, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер.

Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар.

Өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар