"Өз кінәмді мойындаймын": Алика Мұхамедиеваның ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр
- авторОймақ
- 3 қараша, 2025
- 34
Қарағанды қалалық сотында қазақ халқының ар-намысына тиетін сөз таратты деген айыппен сотқа тартылған Алика Мұхамадиеваның ісі бойынша соңғы сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Судья отырысты ашық деп жариялап, істің сотталушының соңғы сөзімен аяқталатынын мәлімдеді.
Сөз алған Алика Мұхамадиева өз әрекетіне өкінетінін айтып, қазақ халқынан тағы бір мәрте кешірім сұрады.
«Маған өте ұят. Өз кінәмді толық мойындаймын. Айтқан сөздерім үшін өкінемін және барша қазақ халқынан кешірім сұраймын. Менің кішкентай қызым бар, соны ескерсеңіздер деймін. Бұрын мақсат қуып жүріп, ең маңыздысын жоғалтқанымды енді түсіндім. Қызымды құшағыма алу үшін бәрін беруге дайынмын», – деді Мұхамадиева.
Оның сөзінен кейін судья кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім шығару үшін үзіліс жариялады.
Соттың шешімі бүгін сағат 17:00-де жарияланатыны хабарланды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.



