Спорт

Жібек Құлымбетова джиу-джитсудан әлем чемпионатында топ жарды

Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес.

Жібек Құлымбетова Бангкоктағы джиу-джитсудан ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл турлы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Сүйінші, қазақ елі! Бүгін менің өмірімде ғана емес, қазақ джиу-джитсу спортында тарихи күн.

Бангкок қаласында, 18 жасымда алғаш рет ересектер арасында әлем чемпионатына қатысып, төрт кездесу өткізіп, чемпион атандым! Аллаға шүкір!

Бұл жеңіс – тек бір күннің еңбегі емес, бұл – 9 жыл табандылықтың, тәртіптің, сенімнің жемісі», - деп жазды ол.