сейсенбі, 4 қараша, 2025 2:34

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Еуропалық футбол клубы "Қайраттың" қақпашысына қызығушылық танытып отыр

Еуропалық футбол клубы "Қайраттың" қақпашысына қызығушылық танытып отыр
Фото: KazFootball.kz
Болгарияның ЦСКА София футбол клубы Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековке қызығушылық білдіріп отыр. 22 жастағы қазақстандық қақпашы Премьер-лигада жарқырап, "Селтикке" қарсы ойында үздік өнер көрсетті.

ЦСКА София – Болгариядағы ең атақты клубтардың бірі. Команданың қоржынында 31 чемпиондық атақ пен 21 ел Кубогы бар. Қазір клуб ұлттық біріншілікте жетінші орында тұр.

Анарбеков – "Атырау" академиясының түлегі. Кейін ол «Қайратқа» ауысып, астаналық "Жеңіс" клубында жалға ойнаған. Биылғы маусымда жас қақпашы Премьер-лиганың жарқын ашылуына айналды: ол Александр Заруцкийдің орнын сенімді түрде басып, "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама беретін матчта шотландиялық "Селтикті" жеңуіне зор үлес қосты.

Сондай-ақ ол Кипрдің "Пафосына" қарсы ойында (0:0) тамаша ойын көрсетіп, бес соққыны қайтарды. Осы әсерлі ойынының арқасында болгариялық клуб оның кандидатурасына назар аударып, алдағы қыста келісімшартқа қол қою мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар