 
                                    Түркістанда жарты жыл бұрын жабылып қалған дәмхананың фастфудынан 14 адам уланып қалды.
Биыл наурыз айында да дәл осы орталықтан тамақ алып жегендер уланып, 68 адам ауруханадан бір-ақ шыққан. Ол кезде мекеме жабылғанымен, кәсіпкер жұмысын жасырын жалғастыра берген. Бір жылда екінші мәрте қайталанған соң тамақтану орны толық жабылып, полиция ҚР ҚК "Санитария ережелері немесе гигиена нормативтерін бұзу" бабы бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша кінәлілер екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, соңғы үш жылда өңірде осындай жаппай уланудан 200-ден астам адам зардап шекті.
"Кемшілікті жоймастан, осы нысанда қазан айынан бастап тамақ дайындауға қайта кіріскен. 21 қазанда екінші рет жаппай тамақтан улану тіркелді. Жалпы зардап шеккендердің саны – 14. Науқастардың бәрі пицца, суши, чикенды үйге алғызған. Олардың жағдайына байланысты Түркістан облысы СЭБД аумақтық басқармасы тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитария нормасын сақтамай, өрескел кемшіліктерге жол берілгені анықталды", – дейді Түркістан облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ақтауда көпбалалы анаға айыппұл салынған
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ЕАЭО елдері арасында кедейлік деңгейі ең төмен мемлекет атанды
- авторОймақ
- 29 қазан, 2025







