Парламент Мәжілісінде алимент өндіріп алу жөніндегі құжат қаралады
- авторОймақ
- Бүгін, 10:59
- 27
- Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттар туралы» Заңына сәйкес әзірленді. Хаттамада уағдаласушы тараптардың аумақтарында кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтарын тану және орындау бөлігінде түзетулер көзделеді. Бұл нормалар кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева палатаның жалпы отырысында.
Сонымен қатар Мәжілістің қарауына «2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да енгізілді.
- Бұл заң жобасы бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі ТМД аумағында құқықтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, жасөспірім балаларға алимент өндіріп алу туралы сот актілері осы мемлекеттер аумағында танылып, орындалатын болады, - деді С. Имашева.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
- авторОймақ
- 28 қазан, 2025




