Руханият

Ұлттық ұлан сарбазы әскери мультфильм жасап шықты

Қатаң тәртіп пен нақты күн тәртібі үстемдік ететін әскери өмірде де шығармашылыққа орын бар.

Мұның жарқын үлгісі – 5573 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Айдын Рахымов. Ол әскери қызметін өтей жүріп, мультфильм арқылы патриотизм мен достықты бейнелеуде. Бұл еңбегі 28 қазан – Халықаралық анимация күнімен үндесіп, жастарға рух бермек. 

Сарбаз Айдын Рахымов жуырда "АЛЖИР" музейіне барған сарбаздар туралы алғашқы мультфильмін жасап шығарды. Бұл туынды көрермендердің ықыласына бөленуде.

Айдын Рахымовтың еңбегі – Халықаралық анимация күні қарсаңында жастарға үлгі боларлық бастама. Ол, осылайша, патриотизм мен өнерді үйлестіріп, әскери қызметтің жаңа қырын көрсетіп жүр.