Қоғам

Алматыда жер дүмпуі сезілмеген

Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

ТЖМ қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» (СБЗҰҒО) ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақытымен сағат 12:20-де  жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сейсмикалық оқиғаның ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 4.9.

Алдын ала мәлімет бойынша, MSK-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында жер дүмпуі сезілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, сейсмикалық жағдай тұрақты және қаланың инфрақұрылымына немесе тұрғындарға қауіп төнген жоқ.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269670-almaty-qalasynda-zer-silkinisi-tirkeldi