сәрсенбі, 22 қазан, 2025 18:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әр қыз онсызда бақытты болғысы келеді": Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шықпаған қыздар туралы айтты

"Әр қыз онсызда бақытты болғысы келеді": Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шықпаған қыздар туралы айтты
фото: ашық дереккөз
Ол қыздарға артық сұрақ қойып, мазаламауға кеңес берді.

«Келінжан» телехикаясының продюсері Гүлнұр Мамасарипова Жанар Байсемізге берген сұхбатында  тұрмысқа шықпаған қыздар туралы айтты, – деп жазды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол қыздарға артық сұрақ қойып, мазаламауға кеңес берді.  Айтуынша, әрбір қыз бала онсыз да бақытты болғысы келеді.

«Қашан күйеуге шығасың?» деп айтуға болмайды дейді ғой, бірақ мен «Қашан, қашан?» дейтін аналардың қатарынан емеспін. Тіптен меңзеп, айналдырып айтатын адам емеспін. Осындай сұхбаттарда айтамын, содан естіп алады. Бұрын айтатынмын, соңғы кезде тікелей айтпаймын. Жалпы, қыздары күйеуге тимей жүрген аналарға айтарым, жалпы әр қыз онсыз да бақытты болғысы келеді. Егер ол болмай жатса, демек оның себеп-салдары болып тұр. Бізден бұрын, өзі соны қалап тұр ғой. Ол соған өзі де жеткісі келеді. Өз-өзіне қастандық жасамайды ғой. Егер сол болмай жатса, демек оған бір нәрсе жетіспей тұр. Мен соны түсіндім», — дейді продюсер.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар