
Мәди Такиевті айтуынша, бюджет параметрлері келесідей қалыптасқан.
"2026 жылға түсімдер 23,1 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. Оның ішінде, (трансферттерді есептемегенде) кірістер 19,2 трлн теңгені құрайды. Экономиканың өсіміне, жаңа Салық кодексінің қабылдауына, оның ішінде салықтық және кедендік әкімшілендіруге байланысты, осы жылмен салыстырғанда кірістер 3,6 трлн теңгеге артып отыр. Бұл, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына алып келеді", - министр.
Бұл ретте бюджет шығыстары 27,8 трлн теңгені құраған, яғни осы жылмен салыстырғанда 2 трлн теңгеге артық.
Мәди Такиев 2026 жылы бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,5 пайыз деңгейінде, ал 2028 жылға қарай 0,9 пайызға дейін төмендеуі болжанып отырғанын атап өтті.
Бұл бюджеттік тәртіпті нығайтуға және борыштық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.