Трамп Путинмен кездесуге қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болатын кездесуге қатысты пікір білдірді.
Трамп Ақ үйде журналистердің сұрағына жауап берді. Тілшілер Трамптан неге Путинмен кездесу кейінге шегерілгенін сұрады.
“Мен кездесуді босқа өткізгім келмейді. Уақытымды текке жоғалтқым келмейді, сондықтан жағдайдың қалай өрбитінін көремін”, – деп жауап берді Трамп.
Сондай-ақ Трамп алдағы екі күн ішінде Ресей мен Украинаға қатысты ұстанымын айқындауға көмектесетін жаңа мәліметтер күтетінін айтты.