сейсенбі, 21 қазан, 2025 20:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жамбылда баласын ұрды деп айыпталған ер адамға үкім шықты

Жамбылда баласын ұрды деп айыпталған ер адамға үкім шықты
istockphoto.com
Оқиға биыл шілде айында Жаңатас ауылында болған

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы ұрды деп айыпталған ер адамға үкім шықты. Оқиға биыл шілде айында Жаңатас ауылында болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Кішкентай ұлының түн бойы телефон қарап, таңертең уақытында тұрмағанына ашуланған әкесі оны “тәрбиелеу мақсатында” бетінен ұрған», – делінген сот хабарламасында.

Прокурор жаза ретінде 100 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұраған. Ер адам өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінген. Жәбірленуші тараптың өкілі – баланың анасы күйеуін кешіргенін айтқан.

Сот кінәні мойындауды, шын жүректен өкінуді және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.

Нәтижесінде сот айыпталушыға 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар