Әлеумет

Келес ауданында 15 жастағы қыз туысқан атасынан жүкті болған

Күдікті зейнеткердің жасы – 71-де.

Түркістан облысы Келес ауданында 15 жастағы жасөспірім туысқан атасынан жүкті болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Күдікті зейнеткердің жасы – 71-де. Сұмдығы сол қаршадай қызға қорлық көрсетті деген өзге емес, өз ағайын атасы. Жәбір көрген жеткіншектің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Ал оны естіген ауыл үлкендері бірауыздан бас көтеріп, күдіктінің отбасы көшсін деп талап етіп отыр. Жасөспірімнің жүкті екенін ата-анасы жеті айында бір-ақ білген. Қыз биыл ақпан айында босанған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдіктінің мұндай азғын әрекеттері бұған дейін де тіркелген, алайда сол кезде жәбір көргендер ауылдан көшіп кеткен. Ал бұл жолы оның құрбаны болған – алты баланың ортаншысы, өзіне қол салмақ болған жерінен туыстары дер кезінде құтқарып қалған. Күдікті зейнеткер көрші тұрған. Полиция күдіктіні қамауға алды.