Әлеумет

Қытайда басы дауға қалған қыз Ташкентті тағы дүрліктірді

бБірақ блогер әкімшілік жаза арқалауы ықтимал.

Әлеуметтік желіде пранк жасау арқылы танымал болған қазақстандық қыз көрші елдің жігіттеріне тиісіп, көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол Ташкент метросында жігіттердің қолынан ұстап, санын сипалаған. Бұл туралы Vaib.uz телеграм арнасы жазды. 

– Ташкентте қоғамдық көліктегі харрасмент мәселесі жеңіл қалжыңға айналатын дүние емес. Апта сайын автобустарда немесе метро ішінде ер адамдардың әйелдер мен қыздарға тиісіп, әдепсіз қылықтар жасағаны туралы хабарлар тарайды. Ал құқық қорғаушылар мен белсенділер қауіпсіз орта қалыптастыру үшін бар күшін сарқып жүр. Олар камералар орнатуды, ақпараттандыру шараларын ұсынып отырады. Осы тұрғыда Айбекованың пранкі басқалардың жанжарасына тию, тіпті келеке ету ретінде қабылданды. Метро ішінде расымен харрасмент көрген әйелдер үшін бұл видео күлкілі емес. Бұл өзбек желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырды, – деп жазды телеграм арна. 

Еске салайық, Аружан Айбекова бірнеше ай бұрын Қытай метросында да осы секілді ерсі қылықтар жасаған. Мұнысы Қытай және отандық медиада кеңінен талқыланған еді. Тіпті, көрші елдің заңына сәйкес, қатаң жауапкершілік арқалауы да мүмкін болатын. Елге аман-есен оралған Айбекованы полиция шақырып, профилактикалық әңгіме өрбіткен-ді. 

Әзірше Өзбекстан билігі аталған жайтқа нақты реакция білдірмеді. Бірақ, блогер әкімшілік жаза арқалауы ықтимал.