Әлеумет

Instagram арқылы ер адам полицейлерді балағаттаған

Ер адам 20 тәулікке қамауға алынды.

Instagram әлеуметтік желісінде ер адам Астана қалалық полиция департаментінің ресми парақшасына балағат сөздер жазған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының тұлғасын анықтады – ол Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Аталған азаматқа қатысты «Жала жабу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды.

Астана қаласы Полиция департаменті әлеуметтік желілердегі кез келген заңсыз әрекеттер заң аясында қатаң түрде тоқтатылатынын еске салды.