Саясат

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға келді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.  

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.