Әлем

Гонконгта жүк таситын ұшақ теңізге құлады: Қаза тапқандар бар

Дүйсенбі күні шамамен таңғы сағат 03:50-де жүк таситын ұшақ Гонконг әуежайының солтүстік ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, патруль көлігіне соғылып, кейін теңізге құлаған. Салдарынан екі адам қаза тапты.

 

Жергілікті билік өкілдері ауа райы мен ұшу-қону жолағының “қауіпсіз” болғанын мәлімдеді.

“Шамамен таңғы сағат 3:50-де Дубайдан келген Emirates әуе компаниясының Boeing 747 ұшағы EK9788 рейсі қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, патруль көлігіне соғылған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ теңізде жердегі көлікпен де соқтығысқан”, – деп мәлімдеді полиция.

Бастапқыда көлікте болған екі ер адамның жоғалғаны хабарланды. Олардың бірі – мәйіті теңізден шығарылған 30 жастағы ер адам, ол таңғы 5:55-те оқиға орнында көз жұмған. Екіншісі, 41 жастағы ер адам, Солтүстік Лантау ауруханасына жеткізіліп, таңғы 6:26-да оның қайтыс болғаны анықталған.

Ұшақ экипажының төрт мүшесінің барлығы аман қалған. Оқиға салдарынан әуежайдың солтүстік ұшу-қону жолағы уақытша жабылды.