Әлеумет

Белгілі актриса Салтанат Бақаеваның отадан кейінгі жағдайы белгілі болды

Ол ауыз қуысына ота жасатқан болатын.

Танымал актриса әрі әнші Салтанат Бақаеваның отадан кейінгі жағдайы белгілі болды,  деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Актриса ауыз қуысына ота жасатқаннан кейін бірнеше күн нәр татпағанын жасырмады. 

«Көптің сұрауы бойынша қалай азғанымды айтамын деп шештім. Жаман айтпай жақсы жоқ демекші жақында тісіме ота жасалғанын айтқан болатынмын. Ота болған соң кескен жерлерін лескамен тіккен болатын... Леска өздеріңіз білесіздер үшкір болып келеді, ауыздың нәзік терісіне пышақ тыққандай сезілді. Соның салдарынан жарты ауызым стоматит болып 10 күндей ауызыма тамақ алмадым. Сондықтан азудың бір ғана амалы ол тамақ ішпеу екен қыздар!», - деді Салтанат Бақаева.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269408-tanymal-aktrisanyn-otadan-keiingi-zagdaiy-belgili-boldy