Бадықованың фильмі млрд жинады
Ыстық Ұя — жәй фильм емес.
Актриса Дариға Бадықованың «Ыстық ұя» фильмі 1 млрд теңге касса жинады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ыстық ұямыз» млрд жинады.
Ыстық Ұя — жәй фильм емес. Бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ. Миссия орындалды», - деп жазды Д. Бадықова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дариға Бадықованың «Таптым-ау сені» дебюттік продюсерлік жобасы да 1 млрд теңге касса жинаған болатын.