Отандық IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті
QazTrade мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 20,3%-ға өсіп, 881 млн АҚШ долларына жеткен.
QazTrade мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 20,3%-ға өсіп, 881 млн АҚШ долларына жеткен. Бұл елдің цифрлық өнімдер экспорттаушы мемлекет ретіндегі мәртебесін күшейтіп, Президенттің 2025 жылғы Жолдауында айтылған жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды экономикалық өсімнің жаңа драйверіне айналдыру бағытымен үндес қадам болды.
Жақында Қазақстан Дубайда өтіп жатқан әлемдегі ең ірі технологиялық көрмелердің бірі — GITEX GLOBAL 2025-ке өз ұлттық павильонымен қатысты. Онда еліміздің 20 IT-компаниясы жасанды интеллект, аэроғарыш, білім беру және өнеркәсіп қауіпсіздігі салаларындағы инновациялық жобаларын таныстырды.
Көрме барысында қазақстандық стартаптар БАӘ, Сауд Арабиясы және Катардан келген инвесторлармен кездесіп, шетелдік нарыққа шығу мүмкіндіктерін талқылады. TrustMe және Blackstone AI компаниялары Таяу Шығыс серіктестерімен келісімдер мен меморандумдарға қол қойып, халықаралық әріптестікті нығайтты.