Лотерея ұйымдастыру тәртібі өзгерді: блогерге жауапкершілік күшейеді
Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын
Қазақстанда лотереяларды ұйымдастыру тәртібі заң деңгейінде өзгертіліп, блогерлердің жауапкершілігін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Сенатта өткен брифинг барысында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл бастама қылмыстық жауапкершілік енгізуді көздейді – бұл тұрғыда бұған дейін қаржы пирамидаларының жарнамасына қатысты қабылданған шараларға ұқсас тәсіл қарастырылып жатыр.
Бұған дейін қаржы пирамидаларын жарнамалағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілген болатын. Дәл сол секілді, енді осы бағытта да осындай жауапкершілік белгілеу мәселесі қаралуда, – деп атап өтті ҚМА төрағасының орынбасары.