Қоғам

Полиция алаяқтыққа қатысты ескерту жасады

Күмәнді сілтемелерге өтпеуді сұрады

Полиция кейінгі уақытта интернет-алаяқтар азаматтарды алдау үшін түрлі айла-тәсілдерге жүгінгенін ескертті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және бейтаныс хабарламалардағы файлдарды жүктемеңіз.
Ешқашан SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамдарға бермеңіз – тіпті өзін оператор деп таныстырса да.
Бейтаныс нөмірлер мен электрондық пошталардан келген хабарламаларға жауап бермеңіз.
 Құпиясөз күрделі болсын және екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз.