Әлеумет

Ақтөбеде 15 жастағы футболшы қаза тапты

Спортшымен бірге оның әжесі мен немере ағасы да өмірден өтті.

Кәмелетке толмаған футболшымен бірге оның әжесі мен немере ағасы қаза тапқан, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

«Актөбе» жасөспірімдер футбол клубы 15 жастағы ойыншы Арон Мусаның қаза тапқанын хабарлады.

Спортшымен бірге оның әжесі мен немере ағасы да өмірден өтті.

«Аронның отбасы орны толмас қайғыға душар болды. Мұса отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.

Актөбе облысының ТЖД мәліметінше, құтқарушылар Кутуев көшесіндегі үйге шақырту бойынша келіп, үш адамның мәйітін тапқан. Оқиға туралы хабар 12 қазанда түскен.

«Оқиға орнына келген құтқарушылар өрт белгілерін таппады, бірақ үш адамның мәйітін анықтады. Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», – деді департамент.