"Астана мен Алматыда қоғамдық көліктің нақты нарықтық бағасы 500 теңге шамасында болуы керек" – сарапшы
Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды.
Энергетика министрінің бұрынғы кеңесшісі, сарапшы Олжас Байділдинов қоғамдық көлікті субсидиялау жүйесін сынға алып, жолақыны нарық заңына сай белгілеу қажет екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сарапшының пікірінше, Петропавл қаласында соңғы үш жыл бойы тасымалдаушыларға мемлекет тарапынан субсидия төленбей келеді. Ол бұл саланы «түсініксіз әрі жемқорлыққа бейім жүйе» деп сипаттады.
Оның айтуынша, Астана мен Алматыдағы жолақы да нарықтық көрсеткіштен әлдеқайда төмен.
Ол қазіргі тариф жүйесінің әділетсіз екенін айтып, жолаушылар жүрген қашықтығына қарай ақы төлеуі қажет деген пікір білдірді.