дүйсенбі, 13 қазан, 2025 15:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сенатор блогерлерді лицензиялауды ұсынған: Қаржылық мониторинг агенттігі не дейді

Сенатор блогерлерді лицензиялауды ұсынған: Қаржылық мониторинг агенттігі не дейді
Коллаж Qaz365
Бұл шаралар қолданыстағы заңнаманы қайталауға және жауапкершілік тетіктерін күрделендіруге әкеледі.

Қаржылық мониторинг агенттігі блогерлерге лицензия беру немесе арнайы реестр жасау бастамасын қолдамады. Агенттік бұл шараны қажет емес деп санайды, себебі блогерлердің қызметі қолданыстағы заңдармен реттеліп отыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы ҚМА депутат Геннадий Шиповскихтың блогерлердің құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігі жөніндегі депутаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Агенттік дерегінше, «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» заңда блогерлердің құқықтары мен міндеттері айқын жазылған. Жарнамадан табыс табатын инфлюенсерлер кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық және жарнама заңнамаларына сай жұмыс істеуге міндетті.

Мәдениет және ақпарат министрлігі де блогерлерді лицензиялау бастамасы сөз бостандығын шектеп, қосымша әкімшілік тосқауылдар тудыруы мүмкін екенін айтты.

Министрлік пікірінше, бұл шаралар қолданыстағы заңнаманы қайталауға және жауапкершілік тетіктерін күрделендіруге әкеледі.

ҚМА мәлімдеуінше, қазіргі әкімшілік жауапкершілік нормалары онлайн-платформалар пайдаланушыларының, соның ішінде блогерлердің заң талаптарын орындауын қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан жаңа реттеу жүйесін енгізудің қажеттілігі жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар