"Кореяда заңсыз жүрген азаматтар қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін": Еңбек министрлігі жүрген азаматтарға ескерту жасалды
Елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Сенат кулуарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aykin.kz.сайтына сілтеме жасап.
Асқарбек Ертаев заңсыз жүрген азаматтардың елден шығарылып, қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.
Оның айтуынша, елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.
"Тек кету кезінде азаматтың заңсыз жүргені тіркеледі. Бұл мәлімет базаға енгізіледі. Яғни, ол Қазақстан азаматы заңсыз жүрген тұлға ретінде белгіленеді. Бірақ шығуға шектеу жоқ", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар заңсыз жүргендерге қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады.
Айта кетейік, Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Оның ішінде 11 мыңы Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр. Осы мәселені реттеу үшін Корея тарапы біздің азаматтарды заңдастыруға бірқатар талап қойған.