бейсенбі, 9 қазан, 2025 17:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Кореяда заңсыз жүрген азаматтар қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін": Еңбек министрлігі жүрген азаматтарға ескерту жасалды

"Кореяда заңсыз жүрген азаматтар қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін": Еңбек министрлігі  жүрген азаматтарға ескерту жасалды
www.istockphoto.com
Елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Сенат кулуарында Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aykin.kz.сайтына сілтеме жасап.

Асқарбек Ертаев заңсыз жүрген азаматтардың елден шығарылып, қайта кіруге тыйым салынуы мүмкін екенін айтты.

"Оңтүстік Кореяның көші-қон заңнамасын сақтаған дұрыс. Егер адам заңсыз жұмыс істеп жүрсе, біздің ұсыным: ол Кореядан шығып, Қазақстанда келісім аясында оқудан өтіп, кейін сол елде ресми түрде жұмысқа орналасуы қажет", – деді ол.

Оның айтуынша, елден шығуға ешқандай кедергі жоқ.

"Тек кету кезінде азаматтың заңсыз жүргені тіркеледі. Бұл мәлімет базаға енгізіледі. Яғни, ол Қазақстан азаматы заңсыз жүрген тұлға ретінде белгіленеді. Бірақ шығуға шектеу жоқ", – деді вице-министр.

Оның айтуынша, заңды түрде жұмыс істейтін қазақстандықтар заңсыз жүргендерге қарағанда әлдеқайда көп табыс таба алады.

"Легалды жұмыс істейтін азаматпен еңбек шарты жасалады. Ол бойынша көлікпен қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, сақтандыру және басқа да әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Бұған қоса, жалақысы да әлдеқайда жоғары. Сондықтан заңды жолмен жұмыс істеу әлдеқайда тиімді", – деп түйіндеді вице-министр.

Айта кетейік, Қазақстаннан шетелге табыс табуға шыққандардың жалпы саны 126 мың адамға жетті. Оның ішінде 11 мыңы Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр. Осы мәселені реттеу  үшін Корея тарапы біздің азаматтарды заңдастыруға бірқатар талап қойған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар