Маңғыстаудағы сарбаз өлімі жайлы тың дерек айтылды
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында «Үстірт» шекара бекетінде болған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ақпаратына сәйкес, 7 қазан күні Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз мерт болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәлімет не дейді
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 қазанында «Үстірт» шекара бекетінде болған. Кешкі сағат 21:10 шамасында бөлімше басшысы сарбазға дизель генераторының радиаторын жуу үшін қоймадан бензин алып келуді тапсырған. Алайда бұл тапсырманы орындау кезінде сарбаз жанармай буымен уланып, есінен танып қалған.
Оны 10 минуттан кейін бөлімнің басқа әскери қызметшісі байқап қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен, жағдайы тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
“Бұлай болады деп ойлаған жоқпын”
Qaz365.kz порталына қаза болған сарбаз Еркебұлан Сағындықтың мерзімді әскери қызмет аяқталған соң отау құрғалы жүрген қызы Ақниет Мұхан хабарласты.
Ақниет Еркебұлан әскерде жүргенде қомақты ақша сұрай бастағанын айтады. 10, 20 мың теңгеден сұраған кездері болған.