Руслан Берденов жаңа қызметке тағайындалды
Бұл ақпаратты Алматы қаласы әкімдігі растады.
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматыны дамыту орталығының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі де растады. Ал жаңа басшының тағайындалғаны туралы алғашқы болып журналист Бейбіт Әлібеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған еді.
Ресми мәліметке сәйкес, «Алматыны дамыту орталығы» қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына ықпал етуге бағытталған. Орталықтың негізгі міндеті – әкімдік пен қала тұрғындарына кәсіби қызметтердің кең спектрін ұсыну, қала басқарудың тиімділігін арттыру және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту.
Мекеме Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен құрылған және оның жарғылық капиталында 100% мемлекеттік үлес бар.