Жанкүйерлер "Қайрат"-"Реал" матчын толық тамашалай алмады – Нартай Сәрсенғалиев
- авторОймақ
- 1 қазан, 2025
- 202
Кеше қазақстандық жанкүйерлер көптен күткен «Қайрат» – «Реал» матчын интернеттің нашар жұмысына байланысты толыққанды тамашалай алмады. Бұл мәселе Мәжіліс кулуарында көтеріліп, депутат Нартай Аралбай «Қазақтелекомның» қызметін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
«Бұл жерде ең бірінші біздің тұтынушыларымыз монополияның құрбаны болып отыр. Қай тұрғын үй кешенінен пәтер алсаңыз да, сол жерге тек келісімшарт жасалған жалғыз компанияның интернетін орнатуға мәжбүрсіз. Таңдау жоқ. Монополияның салдары – бағаның да реттелмеуі. Қазақтелекомға қатысты да жағдай дәл осындай. Біз интернет дамып жатыр дейміз, бірақ қарапайым бір матчтың көрсетілімін ұйымдастыра алмаса, не айтуға болады?» – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, бұл жағдай тек техникалық ақау емес, азаматтардың тұтынушылық құқығының тікелей бұзылуы.
«Біздің азаматтарымыз тегін ештеңе сұрап отырған жоқ. Олар ай сайын қымбат тарифті төлейді. Ал төлем жасағаннан кейін өзіне қымбатты командасының ойынын көруге құқылы. Бірақ кешегі матчта ол арманы орындалмады», – деді ол.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






