Актер Дәурен Айдарқұлов үшінші рет шаңырақ көтерді
Бұл туралы ол Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.
Актер орамалды арумен мешітте түскен суреттерін жариялап, қуанышты жаңалығын бөлісті.
«Мен үйлендім. АльхамдулиЛлях!», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, жастарға бақыт тіледі. Олардың арасында актриса Ақбота-Нұр Сейтмағанбет те бар.
«Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!», – деп жазды актердің бұрынғы жұбайы.