Қоғам

Ресейлік режиссёр Тигран Кеосаян өмірден өтті

Кеосаян 2008 жылы инфаркт жағдайында ауруханаға түсіп, жүрегіне ота жасаған болатын.

59 жасында ресейлік режиссёр Тигран Кеосаян өмірден өтті. Соңғы тоғыз ай бойы ол жүрек ауруынан кейін клиникалық өлімге ұшырап, комада жатқан еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

«Бүгін түнде Тигран Жаратушының құзыретіне кетті», — деп жазды оның жұбайы Маргарита Симоньян Telegram-арнасында.

Кеосаян 59 жаста өмірден өтті. 2025 жылдың қаңтарында Симоньянның айтуынша, ол уақытша клиникалық өлімді бастан кешіріп, комаға түскен.

Айта кетейік, Тигран Кеосаян  –  RT телеарнасының, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның күйеуі.