Шымкенттіктер ағайынды Сабырхандарға құрмет көрсетті
Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды.
Шымкент әкімдігінің бастамасымен бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған ағайынды боксшылар – Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға қошемет көрсетілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ әкесі Айдархан Сабырханұлына көлік кілті табысталды.
Айта кетейік, ағайынды Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатында топ жарды. Үлкені Махмұд 55 келіде үздік шықты. Сөйтіп, екі дүркін әлем чемпионы болды.
Інісі Төрехан финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.
Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл – құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.