Тергеу дерегінше, олардың әрекетінен 141 миллион теңгеден астам шығын келген, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Киберқылмыспен күрескен полиция қызметкерлері бұл топтың интернет арқылы жасалған тоғыз алаяқтық оқиғаға қатысы барын анықтады.
Қолға түскендер: топ басшысы – дроптардан банктік карталар алып, ақша шешуді бақылаған; екі көмекшісі – дроптарды іздеп, тартып отырған; тағы бір адам – ақшаны ұйымдастырушыға жеткізіп берген.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полицейлер ұсталғандардың басқа қылмыстарға да қатысы болуы мүмкін екенін тексеруде.
Бұл операция қала прокуратурасының бақылауымен өтті. Полиция еске салды: 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда банктік шоттарға заңсыз қолжеткізу, төлем құралдарын заңсыз беру немесе сатып алу, сондай-ақ рұқсатсыз ақша аудару қылмыс болып саналады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Нәрестелер 500 мың теңгеден сатылған
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі ұшақта бойжеткенге медициналық көмек көрсетті
- авторОймақ
- 27 қараша, 2025
Ақтауда құлаған ұшаққа байланысты тергеу жұмыстарының қорытындысы қашан шығады
- авторОймақ
- 25 қараша, 2025






