бейсенбі, 18 қыркүйек, 2025 21:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Маңғыстау облысында екі әкім орынбасары есірткі ісімен ұсталды

Маңғыстау облысында екі әкім орынбасары есірткі ісімен  ұсталды
Фото Depositphotos.com
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы мен Атамекен ауылы әкімдерінің орынбасарлары ұсталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Олар есірткі құқықбұзушылықтарына қатысы бар деген күдікке ілінген. Арнайы операция полицияның облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен әкімдік бірлесіп өткізген «Қарасора-2025» жедел алдын алу шарасы аясында жүргізілді.

 Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аудан әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалуда. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Әкімдікте атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы заңсыз әрекеттер мен сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» саясаты жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет қатарын адал емес қызметкерлерден тазарту – әкімдіктің басты міндеттерінің бірі. Заң бұзғандарға ең қатаң шаралар қабылданады, — делінген ресми мәлімдемеде.

Барлығы үш адам ұсталған. Оның ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары, Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары және аты-жөні жария етілмеген тағы бір күдікті бар.

Биыл шілде айында да Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы Атамекен ауылында заңсыз дәрі-дәрмек сату дерегі анықталған еді. Ол кезде дәріханадан рецептісіз күшті әсер ететін препараттар табылып, фармацевтер мен бірнеше жергілікті тұрғындар ұсталған болатын.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар