«Астана» ФК Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді
Мәлік Хасенов Директор кеңесіне кірді.
«Астана» ФК Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды.
Атқарған ілкімді істері үшін Мәлік Хасенов мемлекеттік «Ерен еңбегі үшін» марапатымен наградталған.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі білімі, тәжірибесі мен құзыретіне сүйене отырып, клубымыздың дамуына оң үлесін қосады деп сенеміз", – делінген хабарламада.