Әлем

Абу-Дабиде алғашқы робот-көлік мемлекеттік тіркеуден өтті

Сарапшылар алдағы уақытта жеткізушілер мен такси жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін екенін айтуда.

Біріккен Араб Әмірліктерінде жүк пен тауар жеткізуге арналған алғашқы жүргізушісіз көлікке мемлекеттік нөмір берілді.

Сарапшылардың болжамынша, алдағы 15 жылда жеткізілімдердің кемінде төрттен бірін «роботтар» атқаратын болады. Дегенмен, технологияның дамуы бұдан да жылдам жүруі мүмкін деген пікір бар.

Сенат жанындағы сарапшылар клубының мүшесі Олжас Байділдиновтың айтуынша, жасанды интеллект, автоматтандыру мен роботтандыру болашақта бүкіл әлемде еңбек нарығына айтарлықтай әсер етіп, жұмыссыздықты арттыруы ықтимал.