Руханият

"Шектен шығып кетті": Айжұлдыз Адайбекованың аяғын сүйген күйеуі сынға қалды

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекованың күйеуі, спортшы Сәкен Қағаров сынға қалды.

Желі жұлдызы жеке парақшасында күйеуі аяқ киімін кигізіп, аяғынан сүйіп жатқан видеосын жариялады. 

“Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың”, – деп жазды Сәкен Қағаров.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жастың іс-әрекетін қызу талқылап жатыр. 

"Жанар Айжановаға осы көрініс ұнайтын сияқты?!”, Осындай қамқор жігітті қайдан табуға болады?", "Айжұлдыз бақытқа лайық", – деп сүйсінсе, енді бірі: "Өзінің туған анасын осылай сыйлады ма екен?", "Бұл өнеге болатын дүние емес", "Барлығымыз әйелімізді құрметтейміз, бірақ шектен шықпау керек", "Атам көрсе ұрсып тастар еді", – деп сынға алды.