сейсенбі, 16 қыркүйек, 2025 13:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзін өлтірген

Түркістан облысында ер адам әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзін өлтірген
istockphoto.com
Полиция қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр.

Түркістан облысында болған қанды қылмыс көпшілікті дүр сілкіндірді. Ер адам алдымен әйелін балғамен ұрып өлтіріп, кейін өзін-өзі өлтірген, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Өз әрекетін ол әйелінің опасыздығымен түсіндірген аудиожазба қалдырған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Қанды оқиға Сайрам ауданының Қарамұрт ауылында болған. Ерлі-зайыптылар төрт баласымен бірге тұрған үйде қылмыс жасалған. Түнде ешкім айғайды естімеген, тек таңертең оянған балалар дастархан басына келгенде анасының жансыз, жүзі танылмай қалған денесін көрген. Марқұмның жасы 45-те болған.

«Қорыққан балалар бізге жүгіріп келді. Барсам, қарындасымның түрін танымай қалдым. Бетінің бәрі жаралы, мұрны қисайып кеткен, көзі жоқ, беті жыртылған. Денесінде де сау жер қалмаған», – деді марқұмның әпкесі.

Әйелдің денесінің жанынан қылмыс құралы – балға табылған. Сәл кейінірек туыстары күйеуінің денесін де тапты: ол сырттағы әжетханада асылып қалған.

«Осы жағымен ұрған. Өз көзіммен көрдім: балғаға шаш жабысып қалған. Ол қарындасымның шашы еді. Содан кейін күйеуіне қоңырау шалдық, ал қоңырау дауысы әжетханадан шықты. Барсақ, ол арқанға асылып тұр екен», – деді марқұмның ағасы.

Алайда өзін өлтірмес бұрын ер адам аудиохабарлама қалдырған. Туыстарының айтуынша, ол әйелін қызғаныштан өлтіргенін айтқан.

«Ол хабарламада әйелінің опасыздық жасағанын, сенімінің жоғалғанын айтқан. Біреу оны басқа еркекпен көлікте көргендей айтыпты. Бірақ мұның бәрі өтірік», – деді басқа бір туысы.

Марқұмның жақындары әйел ешқашан себеп те бермегенін айтады. Ал 56 жастағы күйеуі жұмыс істемеген, үнемі жанжал шығарған.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тексеру жүргізіп жатыр.

Үлкені 13 жаста, кішісі 4 жастағы төрт бала уақытша Бейімдеу орталығына орналастырылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар