
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Алматы облысы Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде белгісіз зат жарылып, оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облысының полициясына сілтеме жасай отырып.
Полиция қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған.
«Белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді», - деп хабарлайды облыстың полициясы.
Оқиғаға қатысты тергеу басталды.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.