Қоғам

Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады

Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті.

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров ресми отырыс кезінде анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Парламент отырысында сауал жолдамас бұрын, Назаров алдымен анасын 70 жасқа толуымен құттықтауды жөн көрді. Анасына деген жүрекжарды лебізін ол парламент мінберінде жария етті.

Депутаттың құттықтауына әріптестері қол шапалақтап қолдау көрсетті. Дегенмен, парламент қабырғаларында мұндай әрекет қаншалықты орынды деген сұрақ туындайды.