Әлеумет

329 мың қазақстандықтың табысы 85 мың теңгеден де төмен

Қазақстанда ең төменгі жалақы – 85 мың теңге.

Қазақстанда 780 мың адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңге алып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, ірі кәсіпорындардың бір бөлігі салықтан жалтару үшін жалақыны «конвертпен» береді. Ресми статистика бойынша, 329 мың қазақстандықтың табысы тіпті 85 мың теңгеден де төмен.

Алайда Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова «Аманаттың» есебін келтіріп, 85 мың және одан төмен айлық алатындар саны 1,8 миллионға жететінін айтты. Бұл дерекпен министр Жақыпова келіспеді. Оның пайымынша, азаматтардың зейнетақы жарналары бойынша ресми мәліметтер шынайы жағдайды көрсетіп тұр.