
«Маскадағы жігіт» тағыдыры ауыр қызға қуаныш сыйлады. Бұл туралы ол желідегі парақшасында видео жариялап, көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
20 жастағы Гүлжан қатерлі ісіктің 3-ші сатысымен күресіп жүр. Оның анасы – І топтағы мүгедек, арбаға таңылған және көзі көрмейді.
«Қолым жансызданып қалды. Үндістанға барып ем алғым келеді. Әкем жоқ. Ол мен дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Анам бірінші топтағы мүгедек, көзі көрмейді. Оның інісі де арбаға таңылған, естімейді. Бізде үй болмады. 5 жасымнан бастап жұмыс істеп келемін. Күнде дұға жасап, әрекет етіп жүрмін. Бірінші отадан соң маған осындай диагноз қойылды. Дәрігерлер химия терапиясын ұсынды, бірақ оны анама айтпадым. Өйткені, менсіз ол кісілерге қарайтын жан қалмайды деп қорықтым», – дейді Гүлжан көзіне жас алып.
«Маскалы жігіт» оған қолдау білдірді. Қыздың еміне қаржат беріп, қалаған кәсібін ашуға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ Гүлжан мен анасына жаңа баспана сыйлады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Аружанды тауып беріңдер": Талғардағы қылмысқа қатысты деректер айтылды
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2025
Әкесін ұрған азамат: қарияның неден қайтыс болғаны белгілі болды
- авторОймақ
- 9 қыркүйек, 2025