Әлем

СІМ Катарда қанша қазақстандық бар екенін айтты

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді

Израильдің әуе соққысынан кейін Катарда Қазақстанның 1500-ге жуық азаматы жүргені белгілі болды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандықтарды эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

“Жағдайдың барлық мән-жайын зерттеп отырмыз. Елшіліктен қосымша ақпарат күтіп отырмыз. Президент кеше мәлімдемесінде нақты ұстанымын айтты. Ең бастысы – біздің азаматтардың құқығы қорғалуы тиіс. Шешім қабылдау үшін салмақты саяси негіздер қажет”, – деді Бақаев.

Сыртқы істер министрлігінің дерегінше, Катарда қазір шамамен 1500 қазақстандық азамат бар.