дүйсенбі, 8 қыркүйек, 2025 13:27

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Әйел адам Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды

Әйел адам Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды
фото: ашық дереккөз
Апат қыркүйектің жетісіне қараған түні Жезқазған — Петропавл автожолында болған.

Әйел адам Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданы маңындағы трассада көз жұмды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Апат қыркүйектің жетісіне қараған түні Жезқазған — Петропавл автожолында болған.

Audi көлігінде ер адам мен әйел жүрген. Жұп түннің кеш уақытында туыстарынан қайтып келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне түсіп кеткен.

«Жол-көлік оқиғасының салдарынан Audi автокөлігінің 41 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 36 жастағы жүргізуші жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар