сенбі, 6 қыркүйек, 2025 0:10

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Нұртөре Жүсіп BRICS елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты

Нұртөре Жүсіп BRICS елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты
Сенат
Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп BRICS елдерінің мұсылман діни көшбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты. Ол өз баяндамасында діндер диалогы мен Қазақстанның зайырлы жолының маңыздылығын және қоғамдағы ислам дәстүрінің рөлін атап өтті.

Сенатор Қазақстан өзінің мемлекеттілігін бейбітшілік пен келісім қағидаттарына негіздегенін атап өтті. Өркениеттер тоғысында орналасқан біздің халқымыз түрлі мәдени және діни ықпалдар аясында болғаны, олардың арасында исламның ерекше орын алғаны және қазақтардың рухани келбетінің ажырамас бөлігіне айналғаны айтылды.

«Ислам ғасырлар бойы көшпенділердің дүниетанымын қалыптастырды, ата-ана мен үлкендерге деген құрметті, қарым-қатынастағы әділеттілікті, мұқтаждарға мейірімділік пен қонақжайлықты жоғары қасиет ретінде тәрбиеледі. Бұл қасиеттер діни ұйғарым ғана емес, бүгінгі күнге дейін қазақстандық қоғамның сипатын айқындайтын жалпыхалықтық құндылықтарға айналды», - деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сонымен қатар Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы мемлекет мәртебесін бекіткенін, бұл барлық діндердің теңдігін қамтамасыз еткенін атап өтті. Мұсылман діні рухани іргетас пен қоғамдық моральдың тірегі рөлін сақтай отырып, өзінің мән-маңызын төмендеткен жоқ, елдің құқықтық және мәдени жүйесімен үйлесім тапты.

«Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап өзін барлық діндер заң алдында тең болатын зайырлы мемлекет ретінде бекітті. Бірақ олардың арасында халықтың көпшілігі ұстанатын ислам халықтың мәдени және рухани мұрасы ретінде ерекше орын алады. Зайырлылық исламның мағынасын төмендетпейді, керісінше, ол үшін еркін даму жағдайын жасайды, сыртқы қысым мен радикалды ағымдарды таңуды болдырмайды. Мемлекет Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасымен бірлесе отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы төзімділік пен әділдік және мейірімділікке толы мінезін қалыптастырған дәстүрлі ханафи мазхабы мен матуридтік дінді сақтауды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті сенатор.

Нұртөре Жүсіп 17-18 қыркүйекте Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алдағы VIII съезіне жеке тоқталды.

«2003 жылдан бері осындай жеті форум өткізілді. Осы жылдар ішінде Съезд дінаралық диалогты ілгерілету және қазіргі әлемнің өткір мәселелерін шешу жолында рухани көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру жөніндегі жалпыға бірдей танылған алаңға айналды. Бұл диалогқа негізгі қатысушылардың бірі – ислам үмбеті екенін айта кеткен жөн. Съезге исламның әлемге қалыпты, ағартушылық дауысын жеткізетін ең көрнекті теологтар мен ислам дінінің қайраткерлері келеді. Біз осы қиын уақытта жаһандық маңызды мәселелерді шешу үшін рухани дипломатияны пайдалану қажет екеніне нық сенімдіміз. Осы жылдың қыркүйек айында Астанада «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбы бойынша VIII Съезд өтеді. Бүгінгі таңда халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған негізгі мәселелерді шешу үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру басты назарда», - деді Нұртөре Жүсіп.

 

 

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар