сенбі, 6 қыркүйек, 2025 0:41

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үнемдей білсең, су жетеді

Үнемдей білсең, су жетеді
әлеуметтік желі
Бір күндік норма – 140 литр.

Қазақстанда жаңа норма күшіне енді: әрбір азамат бір тәулікте 140 литр ауыз судан артық тұтына алмайды. Белгіленген шектен асқандар үшін тариф 30 пайызға қымбаттайды.

Министрліктің шешіміне сәйкес, бір адамға күн сайын 140 литр су жеткілікті деп есептеледі. Артық пайдаланған жағдайда қосымша ақы төлеуге тура келеді. Шенеуніктер мұндай қадам суды үнемдеуге бағытталғанын айтады.

Бюджетке түсетін салмақ азаяды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов бұрын өңірлерде су тарифтері әртүрлі есептелгенін жеткізді. Оның айтуынша, мемлекет жергілікті жүйелерді субсидиялап келгендіктен, бюджетке артық салмақ түскен.

— Қазіргі таңда бір адамға тәулігіне 140 литр толық жеткілікті деп санаймыз, — деді ол.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар